Президент • 31 Наурыз, 2025

Президенттер Бірлескен мәлімдеме қабылдады

1248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Келіссөздер қорытындысы бойынша президенттер Бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Президенттер Бірлескен мәлімдеме қабылдады

Фото:Ақорда

Ресми делегация мүшелері төмендегідей құжаттарға қол қойды:

1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Словения Республикасы Жоғары білім, ғылым және инновация министрлігі арасындағы білім және ғылым саласы бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Словения Республикасы Экономика, туризм және спорт министрлігі арасындағы туризм саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

3. Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Словенияның Сауда-өнеркәсіп палатасы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.