Оқиға • 01 Сәуір, 2025

Теміртауда зейнеткерге шабуыл жасаған жасөспірімдерді өзге жігіттер жазалаған

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теміртаудағы зейнеткерге зорлық-зомбылық көрсету ісінде кейбір жаңа мәліметтер анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Теміртауда зейнеткерге шабуыл жасаған жасөспірімдерді өзге жігіттер жазалаған

Фото: URA.RU

Естеріңізге сала кетейік, бір топ жасөспірім жалған айтумен жалғызбасты зейнеткердің үйіне кіріп, қорғансыз адамды аяусыз ұрып-соғып, тонап кеткен. Олар зейнеткерге қатысты жасаған қорлықтарын видеоға түсіріп, оны достарына және таныстарына таратқан. Бұл бейнемазмұнды басқа бір топ жастар көріп, тонаушыларды «жазалау» шешіміне келген.

«Теміртау қаласының 67 жастағы тұрғынына қатысты шабуыл мен тонау фактісі бойынша жүргізіліп жатқан тергеу барысында, қылмыс жасалғаннан кейін, екі күдікті басқа жасөспірімдер тарапынан шабуылға ұшырағаны анықталды», деп хабарлады Қарағанды облысының Полиция департаменті.

Бұл жағдай бойынша «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Барлық жасөспірімдер ұсталып, полицияға жеткізілді, сондай-ақ олар профилактикалық есепке қойылды. Олардың заңды өкілдері тәрбие мәселесінде жауапкершілікке тартылатын болады», делінген хабарламада.

Сонымен қатар, құқық қорғаушылар барлық әрекеттерге тек заң аясында құқықтық баға берілетінін және заңсыз әрекеттерге тек құқықтық негізде жауап берілетінін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Баға тұрақтылығы – басты назарда

Экономика • Бүгін, 08:55

Жаңатастағы жойқын дауыл

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Ырысын ізденіспен еселеген

Еңбек • Бүгін, 08:43

Медалі көп чемпион

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Дүбірлі дода басталды

Олимпиада • Бүгін, 08:35

Сегіз Олимпиадаға қатысқан

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кешенді қолдау құжаты

Білім • Бүгін, 08:25

Бір сайыста – бес алтын

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Сағадағы сатира кеші

Тағзым • Бүгін, 08:10