
2011 жылы физиология және медицина саласы бойынша Нобель сыйлығы Ральф Стайнманға берілді. Бір қызығы, комитет ол кезде ғалымның үш күн бұрын қайтыс болғанын білмеген. Білгеннен кейін де шешімді өзгерткен жоқ, себебі сол уақытта Стайнманның есімі ресми түрде дүйім жұртқа жарияланып қойған еді. Осылайша, С.Ральф – Нобель сыйлығын қайтыс болғаннан кейін алған жалғыз адам ретінде тарихта қалды.