Аймақтар • 03 Сәуір, 2025

Оралда ақпараттық-түсіндіру топтарына тренингтер өткізілді

82 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы аясында Батыс Қазақстан облысында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары мен тренингтері іске асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оралда ақпараттық-түсіндіру топтарына тренингтер өткізілді

Осы жылдың 1-2 сәуірінде Орал қаласының «Қазақстан халқы Ассамблеясы» мәжіліс залында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ-ның қолдауымен «Рухани жаңғыру» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен дін мәселері бойынша білікті мамандарды дайындауға бағытталған іс-шара өтті. Шараға Дін зерттеу орталығының, мешіттердің, орта және жоғары оқу орындарының және т.б мамандары, имамдары, психологтары мен теологтары қатысты.

Жиында риторика маманы Аманбек Толқын (түсіндіру тобының мүшесі) «Эффективная коммуникация. Конфликтология» тақырыбы аясында қатысушыларға тиімді қарым-қатынас орнату және конфликттермен жұмыс істеу үшін пайдалы құралдарды ұсынды. Сондай-ақ, дәріс тақырыбына сәйкес практикалық жағдайлар мен өмірлік мысалдар арқылы нәтижеге қандай факторлардың әсер ететінін көрсетуге көмектесті.

Мұнан соң, тағы бір түсіндіру тобының мүшесі, психология маманы Шакимова Лола Сергеевна «Осуществление психокоррекционной деятельности с адептами ДРТ» және «Инновационные технологии вербовки, применяемые лидерами ДРТ» тақырыптарымен қатысушыларға деструктивті діни ағымдарды ұстанушылармен оңалту жұмысын қалай жүргізу керектігін, олардың сыни ойлауын, эмоционалдық тұрақтылығын және әлеуметтік байланыстарын қалпына келтіру практикасын жүргізді. Сонымен қатар, осы тақырыптар аясында ДДА әсерінен шығу кезеңдері қарастырылып, диагностика мен жаңа мақсаттарды қалыптастыру процесі талданды.

Семинарлар мен тренингтер барысында қатысушылардың дәріскерлерге қойған сұрақтарына тұщымды жауаптар берілді.