
«AMEA Power» – Таяу Шығыс, Африка және Азия елдерінде белсенді жұмыс істейтін жаңартылатын энергия көздері саласындағы жетекші халықаралық компаниялардың бірі. Компания елімізді күн және жел энергетикасы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін стратегиялық нарық ретінде қарастырады.
Бұған дейін «AMEA Power» делегациясы Алматы облысына барып, өңірдің әлеуетін бағалады. Үкіметтегі кездесу барысында компанияның инвестициялық жобаларға, оның ішінде елдің басқа да өңірлерінде қатысуға мүдделілігі талқыланды.
Қанат Бозымбаев халықаралық тәжірибенің және инновациялық шешімдердің Қазақстанның «жасыл» энергетикаға көшуіндегі маңыздылығын атап өтті.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдіріп, бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша өзара іс-қимыл бағытын айқындады.