
Фото: Ашық дереккөзден
Сәкен Мамаш отбасындағы зорлық-зомбылық ісі бойынша қамауға алынған.
Оның бұрынғы әйелі Карина Госман Сәкен Мамашты өзін он жыл бойы жүйелі түрде соққыға жықты деп айыптап отыр.
«Полиция жедел-тергеу тобын құрды. Өткен жылы қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар жүргізіліп, дәлелдер жинақталды», делінген полиция хабарламасында.
Тергеу қорытындысы бойынша тергеу соты күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалған.
Полиция өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейтінін ескертті.