Өшпес даңқ • 04 Сәуір, 2025

Абзал Нүкенов: Соғыс туралы естеліктер – біздің ортақ тарихымыз

71 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы Достық үйінде Жеңістің 80 жылдығы аясында «Жеңістің естелігі: ұрпақтар мен халықтар бірлігі» атты Қазақстан-Ресей конференциясы өтті. Конференция мерейтойлық датаға орай Қазақстан мен Ресейдің бірлесіп ұйымдастыратын іс-шараларының бастамасы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абзал Нүкенов: Соғыс туралы естеліктер – біздің ортақ тарихымыз

ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі конференцияның ашылу салтанатында қатысушыларды айтулы мерейтоймен құттықтап, тарихи естеліктерді сақтауда екі елдің өзара байланысының маңызын атап өтті.

«Алматыда өтіп жатқан «Жеңістің естелігі: ұрпақтар мен халықтар бірлігі» конференциясы – елдеріміз арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған тағы бір қадам. Соғыс туралы естеліктер – біздің ортақ тарихымыз, келешектегі бірлескен ынтымақтастықтың негізі. Жеңістің 80 жылдығы аясында және жалпы алғанда, біз үшін білім беру, өзін-өзі дамыту, жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыру маңызды», деді Абзал Нүкенов.

Конференция аясында 2025 жылға арналған Қазақстан-Ресей гуманитарлық ынтымақтастығы саласындағы іс-шаралар жоспарына қол қойылды.

Конференция бағдарламасы үш панельдік сессиядан тұрды. Атап айтсақ, «Жеңістің естелігі: ұрпақтар мен мәдениеттер арасындағы көпір», «Жеңіс естелігін сақтауға арналған жастар қозғалыстары» және «Ортақ тарихты нығайтуға бағытталған заманауи жобалар» секілді сессиялар бар.

Атаулы мерейтой қарсаңында тараптар бірқатар бірлескен жобаларды жоспарлауда. Атап айтсақ, акциялар, форумдар, мәдени іс-шаралар ұйымдастырады.