Ауа райы • 04 Сәуір, 2025

Алматы күрт өзгеретін ауа райына дайын ба

2023 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда алдағы күндері, анығырағы  5-6 сәуір аралығында жауын-шашын болады деген болжам бар. Осыған байланысты қалалық Коммуналдық қызмет күшейтілген жұмыс режиміне көшті, деп жазады Egemen.kz.

Алматы күрт өзгеретін ауа райына дайын ба

Фото: gov.kz

Сонымен 5 сәуірдің таңынан 6 сәуір күні күн батқанға  дейін 14 мм-ге дейін жауын-шашын, 15-20 м/с екпінді желмен бірге найзағай ойнап, таулы аймақта қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал.

Су тасу қаупінің алдын алу мен салдарын жою мақсатында коммуналдық қызметтің, құтқару қызметі мен ТЖД-ның барлық техникасы әзір. 4200 қап құм дайындалған.

Су басуы мүмкін учаскеде түнгі уақыттан бастап ассенизатор машинасы мен мотопомпа жабдықталған бригадалар кезекшілік атқарады.

Сонымен қатар, жауын-шашын кезеңінде жергілікті су басудың алдын алу және оларды жою үшін мотопомпалар мен арнайы құралдармен жабдықталған жедел бригадалар жұмыс істейді.