
Фото: ҚБФ
Ауқымды бокс кешінде шымкенттік Төрехан Сабырхан алғаш рет кәсіпқой бокста бақ сынады.
Жартылай орта салмақтағы жекпе-жекте отандасымыздың қарсыласы чехиялық Йиржи Хауке (4-6, 2 КО) болды.
Төрехан кездесудің алғашқы минуттарынан- ақ белсенді соққы жасауға кірісті.
Кездесудің 3-раундында отандасымыз қарсыласын 2 рет нокдаунға жіберіп, соңғысында чехиялық орнынан тұра алмай, жеңіс Төрехан Сабырханның еншісіне жазылды.
Жекпе-жектен кейін Т. Сабырхан өзінің жасы небәрі 19-да екенін еске салып, қазақ боксының тарихында талай айтулы жеңістерді тіркейтінін тілге тиек етті.
Сондай-ақ, қолдау білдірген жұртшылыққа алғыс білдірді.
Айта кетейік, бүгін Барыс арена шаршы алаңына Төрехан Сабырханның ағасы, Париж Олимпиадасының қатысушысы Махмұд Сабырхан да шығады. Бұл бәсеке Махмұдтың да кәсіби бокстағы дебюті болмақ.