
«Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, найзағай болады, елдің батысында, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, шығысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Тек республиканың орталығында жауын-шашынсыз ауа райы болады», - делінген хабарламада.
Республиканың басым бөлігінде жел күшейіп, оңтүстігінде шаңды дауыл, оңтүстік-батысында бұршақ, шығысында түнде көктайғақ болады, солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында, орталығында тұман түседі.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +1...+3°C, күндіз +15...+17°C.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +7...+9°C, күндіз +20...+22°C.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді . Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +19...+21°C.
Ақтауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +15...+17°C.
Ақтөбеде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +4...+6°C, күндіз +20...+22°C.
Атырауда құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауады, кей уақытта қатты жаңбыр жауады, түнде жел 3-8, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +7...+9°C, күндіз +20...+22°C.
Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +2...+4°C, күндіз +18...+20°C.
Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +1...+3°C, күндіз +14...+16°C.
Көкшетауда құбылмалы бұлтты, аздаған жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 9-14, таңертең және күндіз екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде +3...+5°C, күндіз +17...+19°C.
Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +6...+8°C, күндіз +19...+21°C.
Қостанайда құбылмалы бұлтты, жаңбыр, найзағай, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +4...+6°C, күндіз +18...+22°C.
Қызылордада құбылмалы бұлтты, жаңбыр, найзағай, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +25...+27°C.
Павлодарда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +1...+3°C, күндіз +18...+20°C.
Петропавлда құбылмалы бұлтты, аздаған жаңбыр, түнде жел 15-20 м/с, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +3...+5°C, күндіз +15...+17°C.
Семейде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 0…-2°C, күндіз +15…+17°C.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +4...+6°C, күндіз +19...+21°C.
Таразда құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, 9-14 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +7...+9°C, күндіз +21...+23°C.
Түркістанда құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +23...+25°C.
Оралда күн бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 9-14, күндіз екпіні 18 м/с. Ауа температурасы түнде +6...+8°C, күндіз +18...+20°C.
Өскеменде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде 0…-2°C, күндіз +14…+16°C.