АСТАНА. 5 мамыр. Бостон марафоны кезінде жарылыс ұйымдастырды деп айыпталған Джохар Царнаев кезекті сот отырысында эмоциясын тежей алмай, көзіне жас алды. Мұндай жайт екі жылдан астам уақыт бойы жалғасып жатқан сот процесі кезінде алғаш рет тіркелді. Бұл туралы BBC хабарлады.
Кеше Бостон федералды сотында кезекті сот отырысы өтіп, онда айыптының туыстары куәгер ретінде қатысты. Царнаевтың туыс әпкесі Патимат Сулейманова сот кезінде көңілі босап, өзіне қойылған сұрақтарға толық жауап бере алмады. Сол кезде судья оның өзіне келуі үшін сұрақ қоюды үзе тұру туралы шешім шығарды. Дәл осы сәтте көңілі босаған Джохар Царнаев та көзіне келген жасын сүртті.
Сот отырысына куәгер ретінде бес туысы қатысты. Олардың барлығы Джохарды 8 жасында ата-анасымен бірге АҚШ-қа кеткеннен кейін көрмегенін айтты. Туыстарының бірі Царнаевтың бала күнінде өте мейірімді болғанын есіне алды. Тіпті ол Джохардың «Патша арыстан» мультфильмін көріп отырып, жылап алатынын да айтып берді.
Сотқа қатысқан барлық туысы алқабилер сотын бауырларының өмірін сақтап қалуға шақырды.
Айта кетейік, ағайынды Тамерлан және Джохар Царнаевтар 2013 жылдың сәуір айында дәстүрлі Бостон марафоны кезінде жарылыс ұйымдастырды. Нәтижесінде 3 адам қаза тауып, 264-і әртүрлі деңгейдегі жарақат алды. Тамерлан Царнаев ұстау операциясы кезінде қаза тапты. Ал қолға түскен 21 жастағы Джохар Царнаев өлім жазасына кесілуі мүмкін.
Бүгінде айыпталушының адвокаттары да оның жарылысқа қатысы бар екенін мойындады. Алайда, олар негізгі ұйымдастырушы ағасы – Тамерлан болғанын алға тартуда.
Осы жылдың сәуір айында алқабилер соты ұзақ кеңестен кейін Джохар Царнаевты оған тағылған айыптардың 30 пункті бойынша айыпты деп тапқан болатын.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: BBC.
• 05 Мамыр, 2015
Джохар Царнаев сот отырысында алғаш рет көзіне жас алды

Мойынқұм ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 21:30
Олимпиадада төрешілік еткен қазақстандық маманға айып тағылды
Қоғам • Бүгін, 20:46
Ертең бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды
Елорда • Бүгін, 20:25
Биыл елімізде жарты миллионнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланған
Қазақстан • Бүгін, 19:55
Атыраудағы ерлі-зайыптының өлімі: Күдікті Индонезияда ұсталды
Оқиға • Бүгін, 19:23
Александр Бублик Дубайда өтіп жатқан турнирді сәтті бастады
Теннис • Бүгін, 19:11
Сарапшылар жаңа Конституция жобасын қабылдау перспективаларын талқылады
Ата заң • Бүгін, 18:43
Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?
Қоғам • Бүгін, 18:29
Билет бар, орын жоқ: Овербукинг кезінде жолаушы нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 18:10
Эйнштейн өзін «алаяқ» сезінген бе?
Қоғам • Бүгін, 18:01
Референдум-2026: Шетелдегі дауыс беру учаскелерінің тізімі жарияланды
Референдум • Бүгін, 17:48
Мемлекеттік күзет қызметі сарбаздарына іріктеу басталады
Қоғам • Бүгін, 17:47
Тойота көлік құрастыру үшін гуманоид роботтарды қолдана бастады
Технология • Бүгін, 17:30
Мектеп оқушыларын биыл қандай өзгерістер күтеді?
Білім • Бүгін, 17:29