
Акция барысында Тобыл өзенінің маңы қоқыстан аршылып, жағалаудағы тұрақ ретке келтірді. Сенбілікке қатысушылардың сөзінше, өткен жылы «Аmanat» партиясының бастамасымен қолға алынып, содан бері үзілмей келе жатқан тазалық акциясы қала тұрғындарының экологиялық мәдениетінің қалыптасуына ықпал етеді.
«Акцияға қатысушылардың қатары биыл көбейіп жатыр. Бізді қарапайым қала тұрғындарының белсенділігі қуантады. Алдағы уақытта қоғамдық орындардың тазалығын сақтауға мұрындық болатын осындай экологиялық іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп тұратын боламыз. Өзіміз өмір сүріп жатқан ортаны таза ұстау – бәрімізге ортақ міндет», дейді партия мүшелері.
«Таза бейсенбі» экологиялық акциясы облыстың өзге өңірлерінде де өтті. Іс-шара барысында еріктілер бір күннің ішінде 26 тонна қоқыс жинаған. Тұрғындар тарапынан кең қолдау тауып отырған жалпыхалықтық тазалық акциясы өңірде әр бейсенбі сайын өтіп тұрады.
Қостанай облысы