АСТАНА. 5 мамыр. Ұлыбритания ханзадасы Уильям мен оның әйелі Кейттің 2 мамырда туған қыздарының есімі белгілі болды. Ең жас ханшайымға Шарлотта Елизавета Диана деген есім берілді. Бұл туралы euronews.com хабарлады.
Кенсингтон сарайы таратқан мәліметке сүйенсек, сәбиді үлкен әжесі – патшайым Елизавета ІІ арнайы көргеннен кейін, ат қою рәсімі өткен. Диана – Уильям ханзаданың анасының есімі екені белгілі.
Патшайым отбасында қалыптасқан дәстүр бойынша жаңа туған сәбидің есімін екі күннің ішінде қою өте тез болып саналады. Бұған дейін кішкентай ханшайымның ағасы Джордждың есімі де екі күннің ішінде қойылған еді.
Ал олардың әкелері – 1982 жылы туған Уильям ханзаданың есімі көпшілікке бір аптадан соң белгілі болды. Сондай-ақ, 1948 жылы туған Чарльз ханзаданың есімі де ұзақ уақыттан кейін, яғни, туғанына бір ай өткен соң жарияланған.
Шарлотта Елизавета Диана ханшайым дүниеге келген күннен бастап ресми түрде Ұлыбритания тағының төртінші мұрагері болды. Сәбидің өмірге келгенін барлық жексенбілік басылымдар жарыса жазып, оның құрметіне зеңбіректен оқ атылды.
Айта кетейік, кішкентай ханшайымның есіміне байланысты жергілікті букмекерлік кеңселер бәс қабылдаған болатын. Соның нәтижесінде Шарлотта, Елизавета, Алиса және Виктория есімдері көш бастаған.
Еламан Қоңыр.
Дерек: euronews.com.
Сурет: ria.ru.
• 05 Мамыр, 2015
Ең жас Ұлыбритания ханшайымының есімі белгілі болды

Мойынқұм ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 21:30
Олимпиадада төрешілік еткен қазақстандық маманға айып тағылды
Қоғам • Бүгін, 20:46
Ертең бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды
Елорда • Бүгін, 20:25
Биыл елімізде жарты миллионнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланған
Қазақстан • Бүгін, 19:55
Атыраудағы ерлі-зайыптының өлімі: Күдікті Индонезияда ұсталды
Оқиға • Бүгін, 19:23
Александр Бублик Дубайда өтіп жатқан турнирді сәтті бастады
Теннис • Бүгін, 19:11
Сарапшылар жаңа Конституция жобасын қабылдау перспективаларын талқылады
Ата заң • Бүгін, 18:43
Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?
Қоғам • Бүгін, 18:29
Билет бар, орын жоқ: Овербукинг кезінде жолаушы нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 18:10
Эйнштейн өзін «алаяқ» сезінген бе?
Қоғам • Бүгін, 18:01
Референдум-2026: Шетелдегі дауыс беру учаскелерінің тізімі жарияланды
Референдум • Бүгін, 17:48
Мемлекеттік күзет қызметі сарбаздарына іріктеу басталады
Қоғам • Бүгін, 17:47
Тойота көлік құрастыру үшін гуманоид роботтарды қолдана бастады
Технология • Бүгін, 17:30
Мектеп оқушыларын биыл қандай өзгерістер күтеді?
Білім • Бүгін, 17:29