Әлем • 08 Сәуір, 2025

Қырғызстанда 600-ден астам ресми тіркелмеген діни нысан анықталды

601 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғызстанның Дін істері жөніндегі мемлекеттік комиссиясы 2021 жылдан бері ел аумағында бұрын салынған, бірақ ресми түрде тіркелмеген 644 діни объектіні анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қырғызстанда 600-ден астам ресми тіркелмеген діни нысан анықталды

Фото: Ашық дереккөз

Бұдан бөлек, 2023 жылдың басында елде 200-ден астам жаңа діни нысанның құрылысы жүріп жатқаны белгілі болған. Жергілікті әкімдіктер мен өзін-өзі басқару органдарына мұндай құрылыстарға қатысты көмек сұраған өтініштер күн сайын түсіп жатыр.

Алайда билік өкілдері бұл нысандардың халықтың нақты діни қажеттілігіне сай салынып жатпағанын алға тартқан. Кейбір елдімекендерде онға жуық мешіт немесе өзге де діни ғимараттар бір-біріне тым жақын орналасқан.

Осыған байланысты Қырғызстан Министрлер кабинеті діни нысандарды салу барысында нақты арақашықтық стандарттарын ұсынды.

Жаңа талаптарға сай:

  • Ауылдық жерлерде діни ғимараттар арасындағы қашықтық кемінде 2 км болуы тиіс;
  • Аудандық деңгейде — 3 км;
  • Қалаларда — 4 км-ден жақын болмауы керек.

Бұл өзгерістер діни инфрақұрылымды ретке келтіру және бірқатар әлеуметтік шиеленістердің алдын алу мақсатында қолға алынған.

Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстан президенті Садыр Жапаров әйелдердің тұмшаланып киінуіне тыйым салатын жарлыққа қол қойған еді.