Ғалам ғажаптары • 09 Сәуір, 2025

Табиғат тылсымы

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жерден қарағанда Ай мен Күннің көлемі бірдей көрінеді. Бұл — таби­ғаттың тылсым сәйкестігі.

Табиғат тылсымы

Шын мәнінде Күн Айдан 400 есе үлкен. Нақтырақ айтсақ, Күннің диаметрі шамамен 1 392 700 км, ал Айдың диаметрі 3 474 км. Бір ғажабы, Күннің Жерден қашықтығы да Айдың қашықтығынан шамамен 400 есе алыс. Сондықтан көк жүзінде екеуі бірдей көлемде көрінеді. Толық күн тұтылуы кезінде Ай Күнді толық жауып, таңғажайып көрініс сыйлайды. Мұндай сәйкестік Күн жүйесіндегі басқа ешбір ғаламшарда кездеспейді.