
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі
Әуелі, Тасөткел су қоймасы жөнделіп, сыйымдылығы 450 млн текше метрден 620 млн-ға дейін ұлғайтылған. Енді шілде айында Фурманов каналын тазарту-жөндеу жұмыстары басталмақ. Министрлік Шу өзені суын реттеп, Созаққа бағыттау үшін Радай өзегінде арнайы қондырғы орнатуды жоспарлап отыр.
«Министрлік Созақ ауданына тұрақты түрде су жіберуге ниетті. Биыл Шу өзенінің суын сауатты бөлу мен реттеудің нәтижесінде су әдеттегіден 1 айға ерте келді. Мамыр айына дейін секундына 85 текше метрден су жіберуді жоспарлап отырмыз», деді аудан тұрғындарымен кездесуінде сала министрі Нұржан Нұржігітов.