Аймақтар • 09 Сәуір, 2025

Сарыағаш ауданын сумен қамтамасыз етуге қаржы бөлінді

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы магистралды су құбырын реконструкциялау жұмыстарын аяқтау үшін Арнаулы мемлекеттік қордан 2,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Жоба 260 мыңнан астам тұрғыны бар 66 ауылды сумен қамтамасыз етуге бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сарыағаш ауданын сумен қамтамасыз етуге қаржы бөлінді

Фото: Ерлан Омар

Айта кетейік, жобаның жалпы құны шамамен 6,5 млрд теңгені құрайды. Онда 34,3 шақырым желі құрылысы қарастырылған, оның 20,8 шақырымы бұрын бөлінген қаражат аясында төселген.

«Қазіргі уақытта Қазақстанда сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділік қалалық жерлерде 99,4%-ды, ауылдық елді мекендерде 97,8%-ды құрайды. Түркістан облысы бойынша қала – 100%, ауылдар 98,1% ауызсумен қамтылған», делінген хабарламада.

Бүгінде Арнаулы мемлекеттік қордан білім беру, денсаулық сақтау, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру сияқты салалардағы жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ инженерлік желілер мен су құрылыстарын жаңарту үшін қаражат бөлінген.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35