
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов өткізген жиында бағдарлама қарапайым тұрғындардың қоғамдық белсенділігін, кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға оң ықпал еткені айтылды.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы облыс тұрғындарының кең қолдауына, жалпыұлттық сипатқа ие болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда «Таза Қазақстан» акциясының әрбір азамат пен барша халқымыздың күнделікті өмір салтына айналуға тиіс екенін айтқан болатын. Өңір тұрғындары бүгінде осы үдеден шыға білді», деді әкім.
Аймақ басшысының айтуынша, елді мекендерді абаттандыру жұмыстары биыл да жалғасады. 2025 жылға арналған жоспарға сәйкес, өңірде 165 мың көшет отырғызылады, 1 200 көшеге 15 мыңнан астам шам орнатылады. Сонымен қатар 135 балалар және спорт алаңы салынады, 75 әлеуметтік нысан іске қосылады. Биыл облыста бір ғана саябақтарды абаттандырудың өзіне 5,5 млрд теңге бөлініп отыр.
Қостанай облысы