АСТАНА. 5 мамыр. Белгілі жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Оразбек Сәрсенбаев қайтыс болды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Оразбек Сәрсенбаев 1938 жылы 20 тамызда Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Жаңа тұрмыс ауылында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген (1964 ж.).
Еңбек жолын Шиелі ауданындағы мектепте мұғалім болып бастады. «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті» газеттері мен «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарды. Сондай-ақ, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, хатшы лауазымдары болып еңбек етті. «Жазушы» баспасының бас редакторы, «Өнер» және «Қайнар» баспаларының директоры қызметтерін де абыроймен атқарды.
Мемлекеттік сыйлықтың иегері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерімен марапатталған.
Көптеген әдеби шығармалар мен 20-дан астам кітаптың авторы. Соның ішінде «Даңқ» және «Сағым» повестері мен «Таңбалы тас», «Сиқырлы шам», «Шеңбер», «Өмірнама» романдары оқырманға кеңінен танымал. «Бақыт құсы», «Оңтүстік көкжиек», «Адамдар бақыт іздейді» және «Жиде гүлдегенде» атты әңгімелер мен повестер жинағы жарық көрген. Сондай-ақ, «Жарық дүние» атты өлеңдер және поэмалар жинағы басылып шықты. Одан бөлек, 2008-2010 жылдары «Избранные произведения на русском языке» шығармаларының 3 томдығы мен «Қазақ тіліндегі таңдамалы шығармаларының» 10 томдығы жарық көрді.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: egemen.kz.

Мойынқұм ауданында өрт сөндіру бөлімі ашылды
Аймақтар • Бүгін, 21:30
Олимпиадада төрешілік еткен қазақстандық маманға айып тағылды
Қоғам • Бүгін, 20:46
Ертең бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды
Елорда • Бүгін, 20:25
Биыл елімізде жарты миллионнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарланған
Қазақстан • Бүгін, 19:55
Атыраудағы ерлі-зайыптының өлімі: Күдікті Индонезияда ұсталды
Оқиға • Бүгін, 19:23
Александр Бублик Дубайда өтіп жатқан турнирді сәтті бастады
Теннис • Бүгін, 19:11
Сарапшылар жаңа Конституция жобасын қабылдау перспективаларын талқылады
Ата заң • Бүгін, 18:43
Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?
Қоғам • Бүгін, 18:29
Билет бар, орын жоқ: Овербукинг кезінде жолаушы нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 18:10
Эйнштейн өзін «алаяқ» сезінген бе?
Қоғам • Бүгін, 18:01
Референдум-2026: Шетелдегі дауыс беру учаскелерінің тізімі жарияланды
Референдум • Бүгін, 17:48
Мемлекеттік күзет қызметі сарбаздарына іріктеу басталады
Қоғам • Бүгін, 17:47
Тойота көлік құрастыру үшін гуманоид роботтарды қолдана бастады
Технология • Бүгін, 17:30
Мектеп оқушыларын биыл қандай өзгерістер күтеді?
Білім • Бүгін, 17:29