Ғалам ғажаптары • 12 Сәуір, 2025

Білімге құштарлық

1180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1969 жылы Айға алғаш қонған адам ретінде тарихта аты қалған аме­ри­калық ғарышкер Нил Армстронг­тің ғарыш сапарынан кейін де білімге деген құштарлығы бәсеңсімеген.

Білімге құштарлық

Ол Пердью университетінде аэроғарыш­тық инженерия мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алған еді. Кейін «Эдвардс» әскери-әуе базасында сынақшы-ұшқыш болып еңбек ете жүріп, Оңтүстік Калифорния университетіне оқуға түседі. Алайда NASA-ға жұмысқа орналасып, Хьюстонға көшкен соң, оқуын аяқтай алмайды. Айға сапарынан кейін Армстронг қайта университетке оралып, магистр дәрежесін алу мақсатында қайтадан студент атанады. Сөйтіп, ол аудиторияға келсе, оқытушы «Ай бетіне қонудың техникалық ерекшеліктері» атты лекция оқып тұр екен...