Құқық • 12 Сәуір, 2025

Балалар қауіпсіздігі іс-шаралары пысықталды

518 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринның төрағалығымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесіне арналған жиын өтті.

Балалар қауіпсіздігі іс-шаралары пысықталды

Басқосуға Алматы қаласы, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Түркістан облыс­тары әкімдерінің орынбасар­лары, сондай-ақ Оқу-ағарту ми­нистрлігінің, Бас проку­рату­ра­ның басшылығы және Бала құқық­тары жөніндегі уәкіл қатысты.

Жиында Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева баяндама жасады. Олар бала құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелеріне тоқталды.

Осыған орай Мемлекеттік кеңесші балалар мен жасөспі­рімдердің қауіпсіздігіне аймақ басшылығы баса мән беріп, бұл істі тұрақты бақылауға алуы қажет екеніне назар аударды.

Сонымен қатар жергі­лікті жерде басшылардың қатысуымен осындай жиындар тұрақты түрде өткізілетінін атап өтті.

Ерлан Қарин бұл бағыттағы жұмысты жалғастыра беруді және тиісті іс-шараларды пысықтауды тапсырды.