Төтенше жағдай • 14 Сәуір, 2025

Елдің оңтүстігінде жер сілкінісі тіркелді

437 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

13 сәуір күні сағат 09:23-те (Астана уақытымен) Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмология ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы» сейсмикалық станциялар желісі Тәжікстан аумағында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елдің оңтүстігінде жер сілкінісі тіркелді

Фото: ашық дереккөз

Жерасты дүмпуінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 673 шақырым қашықтықта орналасқан.

Жер сілкінісінің әсері Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде – Түркістан, Жамбыл және Шымкент қалаларында байқалды. Қаттылығы 2-3 балл шамасында болған. Мырзакент, Жетісай, Сарыағаш, Шардара, Шымкент, Тараз, Арыс, Абай, Ленгер, Сайрам, Манкент секілді елді мекендерде 3 баллға дейінгі дүмпу сезілген. Түркістан, Кентау, Шу, Мойынқұм, Жаңақорған және басқа бірнеше елді мекендерде 2 баллдық тербеліс байқалды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ.