
Болжам бойынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады: жаңбыр, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін, түнде батыс, солтүстік, шығыс, орталық аймақтарда және таулы өңірлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.
15 сәуір түнде Ақмола облысында, 15 сәуір түнде және 16 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында, 15 сәуір түнде және 16 сәуір күні бойы Абай облысында, 16 сәуірде Қарағанды, Алматы және Жетісу облыстарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Еліміз бойынша тұман күтіледі. 15-17 сәуір түндері Батыс Қазақстанда, 15-16 сәуірде Атырау мен Ақмола облыстарында, 15-17 сәуірде Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан мен Абай облыстарында, 16 сәуірде Павлодар облысында, 16-17 сәуірде Ұлытау және Қарағанды облыстарында, 15 және 17 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында 1-5 градус үсік жүреді деп болжанған.
Батыста ауа температурасы 15-20 градустан 17-23 градусқа дейін жоғарылайды;
Оңтүстік-батыста негізгі температура 15-25 градус жылы;
Солтүстік-батыста 8-16 градустан 12-20 градусқа дейін жоғарылайды, 17 сәуірде солтүстігінде 5-10 градусқа дейін төмендейді;
Солтүстікте 7-15 градустан 0-10 градусқа дейін төмендейді;
Орталықта 10-18 градустан 13-21 градусқа дейін жоғарылайды;
Шығыста 9-18 градустан 10-20 градусқа дейін жоғарылайды;
Оңтүстікте 15-23 градустан 17-25 градусқа дейін көтеріледі;
Оңтүстік-шығыста 17-23 градустан 13-20 градусқа дейін төмендейді.