Спорт • 15 Сәуір, 2025

Шардаралық спортшылар Өзбекстан құрамасын тізе бүктірді

706 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсетіп, бүкіл әлемге әйгілі болып жүрген «Шардара Армспорт» клубының спортшылары Азия құрлығындағы мықты командалардың бірі Өзбекстан елінің қол күрес құрамасына қарсы жекпе-жекте ел намысын қорғады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шардаралық спортшылар Өзбекстан құрамасын тізе бүктірді

Қол күресінен ауқымды іс-шара Шардара ауданының құрылғанына 60 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Шараның салтанатты ашылуында «Шардара Армспорт» клубының негізін қалаушы, Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев сөз сөйлеп, жиналған көпшілікті ауданның мерейтойымен құттықтады. Сондай-ақ қол күресі арқылы қазақ елін, оның ішінде ауданды дүниежүзі танығанын атап өтті.

«Оның бір дәлелі шағын ғана ауданымыздан 120-дан астам Әлем чемпионы шықты. Сонымен қатар, бүгін бір ғана Шардара ауданының қол күресшілері Өзбекстан Республикасының құрамасына қарсы жекпе-жек өткізіп отыр»,  деді Арман Романұлы.

Ашылу салтанатынан соң 9 салмақ дәрежесінде 9 жұп күш сынасты. Тартысты өткен бәсекеде «Шардара Армспорт» клубы тағы да өздерінің мықтылықтарын дәлелдеп, Өзбекстан құрамасын 9:0 есебімен тізе бүктірді. Жеңімпаздарға арнайы марапаттар табыс етілді.