
Суретші туындының құрылымы мен түстік түзілімін түрлі түсті жіптер арқылы ойнатып, кескіндемелік жолақтар мен кескіндерді аса дәлдікпен кесте арқылы көрсетеді. Жалпы, суретшінің көрмеге қойылған жұмыстарынан – түстің қанықтығы, құрылымның нақтылығы байқалады. Автор туындыларының тағы бір ерекшелігі – дәстүрлі ою-өрнектерді шебер қолдануы.
Көркемөнердің ішінде балалық шаққа арналған тақырыптар да бар. Ол өз еңбектерінде ауылдың бейқам өмірін, бала көңілдің тазалығын, жан дүниенің тыныштығы мен сағыныш лебін көркем шеберлікпен жеткізген.
Көрме 4 мамырға дейін жалғасады.