Қоғам • 18 Сәуір, 2025

Ақтөбеде заңсыз дәрі-дәрмек сақтағандар ұсталды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру барысында заңсыз дәрі-дәрмек сақтаған екі тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақтөбеде заңсыз дәрі-дәрмек сақтағандар ұсталды

Фото: polisia.kz

Жеке тексеру нәтижесінде ұсталғандардың бірінен дәрігердің рецепті бойынша қатаң түрде берілетін дәрілік препараттар салынған қорап табылды және тәркіленді.

Бұдан әрі күдіктілер тұрған жалға алынған пәтерді тексеру кезінде полицейлер ірі көлемде қолма-қол ақшаны, сондай-ақ мыңнан астам рецептік дәрі-дәрмекті және психотроптық заттарды тәркіледі.

Ұсталғандардың айтуынша, олар дәрі-дәрмектерді психотроптық заттарды қолданатын адамдарға сатқан.

Жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша ұсталғандардың екеуі де есірткіге мас болғаны анықталды.

Оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Соңғы жаңалықтар

Қарасай ауданында тартысты көкпар өтті

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025

Қобыз бен киіз үй ЮНЕСКО тізіміне енді

Мәдениет • 11 Желтоқсан, 2025

Иран Президенті Жүрек орталығына барды

Денсаулық • 11 Желтоқсан, 2025

Оралдан Ташкентке әуе рейсі ашылады

Аймақтар • 11 Желтоқсан, 2025