Бұрнағы күні Еуропа лигасы іріктеу турнирінің үшінші раундында «Қайрат» Шотландияның «Абердин» командасын жеңді. Алматыда болған ойын 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.
Кездесуді қайраттықтар өте белсенді бастады. Бірден алға ұмтылған олар 13-минутта есеп ашып үлгерді. Мергендігімен алғаш көзге түскен Михаил Бакаев. Арада 9 минут уақыт өткенде команда капитаны Бауыржан Исламхан есепті 2:0-ге жеткізді. Оның 40 метр жерден жасаған жойқын соққысына «Абердин» қақпашысы Дэнни Уорд тосқауыл бола алмады. Жалпы, ойын барысындағы Бауыржанның белсенділігін ерекше айтып өткен жөн.
Екінші таймда қонақтардың басым болғанын мойындауымыз керек. Тіпті үзілістен кейін алаңға мүлдем басқа команда шыққандай әсер қалдырды. Соған байланысты Владимир Вайсстың шәкірттері қорғаныста көп күш жұмсауға мәжбүр болды. Матчтың 69-минутында шотландтар ақыры дегендеріне жетіп, есеп айырмасын қысқартты. Голдың авторы – Кенни Маклин.
Өз қақпаларына доп кіргізіп алғаннан кейін ғана алаң иелері жинақылық танытып, бірнеше жүйелі шабуыл ұйымдастырып көрді. Алайда, ойын соңына дейін таблодағы есеп өзгерген жоқ.
Қос команда арасындағы қарымта кездесу 6 тамызда Шотландияның Абердин қаласында өтеді. Соның нәтижесі бойынша іріктеу турнирінің плей-офф бәсекесіне шығатын жасақ анықталады.
Айта кетейік, осы жеңісінен кейін «Қайрат» УЕФА-ның клубтық рейтингінде 4 сатыға жоғары жылжып, 303-орынға тұрақтады. Бүгінде команданың еншісінде 3,725 ұпай бар. Бұған дейін алматылықтар турнирдің бірінші және екінші раундтарында тиісінше Сербияның «Црвена Звездасы» мен Арменияның «Алашкерт» командаларын жолдан шығарып тастаған еді.
Еламан ҚОҢЫР,
«Егемен Қазақстан».

Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Бүгін, 22:47
Бурабайда шанаға отырып ағашқа соғылған қыз қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 22:12
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Бүгін, 21:56
Астанада аязға байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқуға көшірілді
Елорда • Бүгін, 21:33
Қазақстанның Ұлттық футбол құрамасының бапкерлер штабы анықталды
Футбол • Бүгін, 21:16
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Бүгін, 20:49
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Бүгін, 20:31
Қазақстан халық партиясы жаңа Конституция жобасына қатысты сараптамалық талқылау өткізді
Ата заң • Бүгін, 20:14
Bek Air ұшағы апаты: Алматы апелляциялық сотының шешімі өзгеріссіз қалды
Қоғам • Бүгін, 19:49
Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 19:37
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Оқиға • Бүгін, 18:55
Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25