29 Маусым, 2010

МЫҢНАН ТҰЛПАР ТАРЛАНДАРҒА

493 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттарын тапсырды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы іс­тер министрі сыйлықтардың лау­реаттары мен гранттардың иелерін, сонымен бірге Қазақстанның бар­лық журналистерін кәсіби мере­ке­мен – Баспасөз, телевизия және радио күнімен құттықтады. Ол тәуел­сіздікті нығайтуда және елдегі тұ­рақ­тылық пен татулықты орнық­тыруда журналистер қауымының ерекше еңбек сіңіріп жүргенін атап айтты. Биылғы жылы Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президентінің Өкімімен Қазақстан Республикасы Прези­дентінің сыйлықтары “Ресей” теле­арнасының “Вести недели” қоры­тын­ды бағдарламасының жүргізу­ші­сі Сергей Брилевке, “СТВ” телекомпаниясының бас директоры Айгүл Ишмұхамедоваға, “Көркем фильм” киностудиясының режис­сері Рашид Сүлейменовке берілді. Қазақстан Республикасы Пре­зи­дентінің гранттарына “Егемен Қазақстан” газетінің шолушысы Сұң­ғатолла Әліпбаев, “Айқын” га­зетінің Шығыс Қазақстан облы­сын­дағы меншікті тілшісі Мира Берікболова, “КТК” телеарнасы­ның меншікті хабарларын тарату директоры Артур Платонов және “Костанайские новости” газетінің шығармашылық ұжымы ие болды. Салтанатты рәсім барысында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы “Диалог Евразии” халықаралық журналы­ның жетекші шолушысы Салих Ак­чайға, “Қазақпарат” ақпараттық агент­тігінің жетекші шолушысы Кен­жеболат Жолдыбайға, “Казах­станская правда” газетінің тілшісі Вла­димир Курятовке, Қазақ радио­сының “Мен қазақпын!” бағдарла­ма­сының шығармашылық ұжымы­на және “Хабар-жер” телевизиялық бағдарламасының шығармашылық ұжымына жарияланды. – Бүгінде БАҚ азаматтық қо­ғамның негізгі институттарының бірі. Қазір біз дамудың тарихи кезе­ңіне көштік. Еліміз Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Ұлт көш­бас­шысының дана басшылығымен жаңа онжылдыққа қадам басып отыр. Біздің алдымызда ауқымды әлеу­меттік-экономикалық жаң­ғыру­ларды жасау міндеті тұр. Бұл жал­пыұлттық жоба. Ол бізге еліміз­дің одан әрі дамуының негізін қа­лауға мүмкіндік береді, – деді сал­танатты рәсімде Мемлекеттік хат­шы­ – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев. Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.