Қазақстан мен Түркия мемлекеттері арасында ортақ телехикая түсіру туралы келісімге қол жеткізілді.
Түрік жағы оған қолдау білдіріп, жан-жақты көмек көрсетуге әзір екендіктерін мәлімдеді. Ол туралы жақында Қазақстан Республикасының Түрік Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Жансейіт Түймебаевтың Түркияның мемлекеттік TRT телерадиокорпорациясының басшылығымен болған кездесуі барысында белгілі болды. Сонымен қатар, мұнан былайғы уақытта қазақстандық телеөнімдер Түркияда көрсетілетін болып шешілді. Оның ішінде, отандық танымал «Сырғалым», «Әке серті», «Ұлжан» және «Ағайындылар» туындыларын түрік тіліне дубляж жасауға осы елдегі Қазақстан елшілігі көмек көрсеткелі отыр.
«Елдер мен құрлықтарды байланыстырушы үлкен құрал – телевизия болып саналады. Түркияның ең ірі мемлекеттік телеарнасы TRT, оның ішінде 8 мемлекетке хабар тарататын, Әзербайжан, Қырғыз, Өзбекстан, Қазақстан секілді бауырлас елдердің ұлттық өнерін, дәстүрін, деректі фильмдері мен музыкалық бағдарламаларын көрерменге түрік тілінде ұсынатын TRT-AVAZ (Әуез) телеарнасымен біздің байланысымыз өте тығыз. Соңғы жылдары Қазақстанда түсірілген фильмдерді, телехикаяларды және балаларға арналған телеөнімдерді Түркия көрермендеріне ұсыну мәселесі оң шешімін тауып келеді», – деді Ж.Түймебаев.
Осыған дейін де Түркияның басты телеарналарында «Балалық шағымның аспаны», «Жаужүрек мың бала» сияқты туындылар көрсетіліп, түрік көрермендерінің көңілінен шыққаны белгілі.
Қазіргі таңда Түркияның әйгілі TRT-AVAZ қазақтың ұлттық спорт түрлерін, оның ішінде, әсіресе, көкпарды түркітілдес бауырларымыздың арасында кеңінен насихаттауды қолға алған.
Естеріңізге сала кетейік, 2009 жылы алғаш рет хабар тарата бастаған TRT-AVAZ телеарнасы 2012 жылдан бері қазақ тілінде де хабар тарата бастады. Ол үшін арнайы қазақ редакциясы құрылды. Ол күн сайын көрсетілетін жаңалықтар топтамасын әзірлейді, оған «Қазақстан» ұлттық арнасының басшылығы да атсалысуда.
Рауан ЕСҚАЛИ.

Сауалнама: Респонденттердің 86,5%-ы жаңа Конституция жобасын қолдайды
Қоғам • Бүгін, 15:07
Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады
Оқиға • Бүгін, 14:28
Батыс Қазақстанда жол жөндеуге бөлінген 56,5 млн теңге жымқырылған
Қоғам • Бүгін, 14:00
ЕО АҚШ-тың тариф саясатын қабыл алмайтынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 13:48
Қазақстанда ең ірі деректер орталығы құрылады
Үкімет • Бүгін, 13:34
Мемлекет басшысы Power International Holding басшылығымен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 13:13
«Странджа кубогі»: Бүгін 7 боксшымыз шаршы алаңға шығады
Бокс • Бүгін, 13:11
1414-тен SMS келсе, сақ болыңыз: Азаматтарды алдаудың жаңа схемасы белгілі болды
Қоғам • Бүгін, 13:00
Қазақстан сыртқы саудада рекордтық тауар айналымы көрсеткішіне жетті
Қазақстан • Бүгін, 12:54
Астанадан бір түнде 53 мың текше метр қар мен мұз шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:46
Спорт және өнер майталмандары референдумды қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 12:37
Надежда Парецкая дауы: Біздің төреші Шайдоров пен Самоделкинаның өнерін әдейі төмен бағалады ма?
Қысқы спорт • Бүгін, 12:22
11,4 млрд теңге залал: «Проблемалық кредиттер қорының» бұрынғы төрағасы ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:13
Келес ауданына «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 120 маман келді
Аймақтар • Бүгін, 12:04