Оқиға • 29 Мамыр, 2025

Руслан Берденовке оқ атқан күдіктінің ісі сотқа жолдануы мүмкін

531 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасау дерегі бойынша ұсталған Е. Жиенбай екі айға қамауға алынды. Қылмыстық іс 21 маусымда сотқа жолдануы ықтимал, деп хабарлайды Egemen.kz.

Руслан Берденовке оқ атқан күдіктінің ісі сотқа жолдануы мүмкін

Фото: Ашық дереккөз

Күдікті қалалық әкімдік ғимараты маңында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс екі бірдей бап бойынша қозғалған. Е. Жиенбайға 15 жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік,  21 сәуір күні Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов әкімдік ғимараты маңында жарақат алып, ауыр халде ауруханаға жеткізілген еді. Оған шұғыл түрде ота жасалып, кейін жағдайы тұрақтанған.

Шымкент қаласы әкімдігі де ресми мәлімдеме жасап, істің тергелу барысы қатаң бақылауда екенін хабарлады.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025