Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Жарлығымен 2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп белгіленген болатын. Тәуелсіз қазақ жерінде 140-қа жуық өзге ұлт өкілдері тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтап, тату-тәтті өмір сүруде. Биыл елімізді мекен ететін түрлі ұлт өкілдерін бір арнаға ұйыстырып отырған теңдесі жоқ институт – Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойы.
Целиноград ауданында «Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының бастау алуы» атты акция өтті. Шараға аудан басшысы Малғаждар Тәткеев, аудандық ҚХА-ның төрағасы Магомед Сукалов, жергілікті мәслихат депутаттары, бөлім басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты. Мерейтой кішігірім көрініспен ашылды. Қилы заманда шашырай әр жерге қоныс тепкен ұлт өкілдерінің бейнесін суреттеген әр этнос өкілдері бірте-бірте жиылып, достық символындай қауышып, ақ ананың батасын алып, айналаны ән-жырға бөледі. Малғаждар Тәткеев республикамызда 130-дан астам ұлт пен ұлыс болса, біздің ауданымызда да 30-дан аса этнос қоныс теуіп, шаруашылық пен өндіріс салаларында еңбек етіп жатыр. Целиноград ауданы жылдан-жылға көркейіп, гүлденіп, кемелденіп келеді. Биыл Қазақ елі маңызы зор 4 бірдей мерейтойды атап өткелі отыр. Соның бірі – Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы. Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі еліміз халқының ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып табылады. Қазақ елінде шоғырланған ұлттар арасындағы бірліктің орнауы Елбасы Н.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасы, деді әкім. Ал ҚХА-ның төрағасы Могамед Сукалов барлық жиналған қауымды бүгінгі айтулы шарамен құттықтады. «Қазақ елі көп ұлттың басын қосқан, киелі мекен. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың көреген саясаты арқасында барлығымыз береке мен бейбіт өмір кешудеміз. Біз осы жүрегіміздің төрінен орын алған тату, ынтымақшыл қасиетімізді мәңгі сақтауымыз қажет», деді ол. Шара соңы үлкен концертке ұласты. Әр ұлттың ұлттық билері орындалып, әндерінен шашу шашылды. Жастар арасында флеш-моб өткізілді. Дана АЛДАНҚЫЗЫ. Ақмола облысы.Алимент өндіру ісі: Алматыда сот орындаушысы 4,2 млн теңгені заңсыз иемденген
Оқиға • Бүгін, 19:56
Туған жер құрметінен қанаттанып…
Әдебиет • Бүгін, 19:26
Робототехника додасы: Қазақстан оқушылары екі бірдей басты марапатқа ие болды
Технология • Бүгін, 18:53
Мемлекет басшысы мен Израиль Президенті шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 18:23
1 шілдеден бастап ипотека кімдерге берілмейді?
Ипотека • Бүгін, 18:05
Әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты: 19 команда басты жүлдеге таласады
Футбол • Бүгін, 17:48
Алматыда «Бір аспан астында» халықаралық заманауи өнер көрмесі ашылды
Көрме • Бүгін, 17:27
Ақордада Израиль Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Оқиға • Бүгін, 17:25
Қазақстан жұмыртқа импортына шектеу қойды: Нарықта отандық өнім үлесі артты
Экспорт • Бүгін, 17:11
Блогер Ерболат Жанабылов пен жұбайына қатысты сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 16:58
Threads-те желтоқсаншыларды тілдеген әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:47
ҰБТ нәтижесі жеткіліксіз: Болашақ мұғалімдер үшін қосымша емтихан енгізіледі
Білім • Бүгін, 16:36
Алматы метросын салу кезінде ұрланған 127 млн теңге мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 16:33
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз әрі сапалы өтуі тиіс
Қоғам • Бүгін, 16:16