14 Ақпан, 2015

Өңірлік бюро басшысын қабылдады

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов ДДҰ Еуропа өңірлік бюросының директоры Жужанна Якабты қабылдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Қабиболла Жақыпов алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша ДДҰ Еуропа бюросы кеңсесінің Алматыда ашылуы­мен құттықтады. Салтанатты шара 11 ақпанда өткен болатын. Тараптар бұл Қазақстан мен Орталық Азия ғана емес, Еуропа үшін де маңызды оқиға екенін атап өтті. Мәжіліс Төрағасы Қазақстан Президентінің маңызды бағдар­ламаларында денсаулық сақ­тау мәселесіне айрықша басым­дық берілетінін алға тарта ке­ліп, Елбасы саясатының әлем­дегі экономикалық жағдайға қара­мас­тан әлеуметтік міндет­те­ме­лерді толық көлемде жүзеге асы­руға бағытталғанын атап өтті. Өз кезегінде Жужанна Якаб кең­сенің Қазақстанда ашылуы – Нұрсұлтан Назарбаевтың ға­ламдық және аймақтық дең­гейдегі денсаулық сақтау мә­се­лесіне қатысты теңдессіз рөлі­нің айқын дәлелі екенін жеткізді. Осы ретте мәртебелі мейман Қазақстан Президентінің әлеуметтік саланы инвестициялау қажеттілігіне қатысты көреген шешімдерін айтып, біздің еліміздің алға қойған барлық мақсаттарына жететіндігіне сенім білдірді. Кездесу барысында Мәжіліс Төрағасы Қазақстанда денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге, денсаулықты нығайтуға, дәрі-дәрмек саясатын дамытуға бағыт­талған заңнамалық жұмыстар туралы әңгімеледі. Жужанна Якаб денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту көр­сеткіштері бойынша жетіс­тіктерді тізбелей келіп, ДДҰ мен Қазақстанның өзара іс-қимылына жоғары баға берді.