30 Маусым, 2010

ЕЛБАСЫ АТЫНДАҒЫ САЯБАҚ

600 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы және ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХХVІІІ сессиясының шешімі Алматы қаласындағы Әл-Фараби даңғылы мен Мұхаммед Хайдар Дулати даңғылының қиылысында орналасқан саябаққа атау беру туралы Қазақстан Республикасы “Қа­зақ­стан Республикасының әкім­ші­лік-аумақтық құрылымы туралы” 1993 жылғы 8 желтоқсандағы За­ңы­ның 13-бабы 4-тармағына сәйкес, қала тұрғындарының пікірін ескере отырып, қалалық ономастика ко­миссиясының қорытындысы негі­зін­де, бірлесе отырып, Алматы қала­сы әкімдігі қаулы етеді және ІV сайланған Алматы қаласының мәслихаты шешім етті: 1. Алматы қаласы Бостандық ауда­нындағы Әл-Фараби даңғылы мен Мұхаммед Хайдар Дулати даң­ғылының қиылысында орналасқан саябақ “Қазақстан Республика­сы­ның Тұңғыш Президенті саябағы” болып аталсын. 2. Алматы қалалық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқар­ма­сы саябақтың есім көрсет­кіш­терін жасап және орнатуға Алматы қаласының жергілікті бюджеті есебінен қаржы қарастырсын. 3. Бостандық ауданының әкімі (З.Ж.Аманжолова) осы нормативтік құқықтық актіні іске асыру жөнінде қажетті шара қабылдасын. 4. Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын бақылау ІV сайланған Алматы қаласы мәсли­ха­тының әлеуметтік мәселелер және қоғамдық келісім жөніндегі тұрақ­ты комиссиясына (Е.Б.Тәжиев) және Алматы қаласы әкімінің орын­басарына (С.Т.Сейдуманов) жүктелсін. Осы нормативтік құқықтық акті алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Алматы қаласының әкімі А. ЕСІМОВ. ІV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХХVІІІ сессиясының төрағасы А. ШЕЛИПАНОВ. ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының хатшысы Т.МҰҚАШЕВ. _______________________________________________________________ 2010 жылғы 10 маусымдағы №2/402 Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы және ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2010 жылғы 4 маусымдағы кезектен тыс XXVІІІ сессиясының №326 шешімі. Алматы қаласы Әділет басқармасында 2010 жылғы 24 маусымында №850 болып тіркелген.