14 Ақпан, 2015

Телефон арқылы сөйлесті

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елбасы Германия Федералдық канцлері Ангела Мер­кельмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Прези­денттің баспасөз қызметі. Нұрсұлтан Назарбаев пен Ан­гела Меркель Ресей, Украина, Фран­ция президенттерінің және Германия Канцлерінің Минскіде «норманд пішімінде» өткен келіс­сөздерінің қорытындысы туралы сөйлесті. Мемлекет басшысы Минск кез­десуінің табысты аяқталуына Федералдық канцлердің қомақты үлес қосқанын атап өтті. А.Меркель Украинаның оң­түстік-шығысындағы қақ­ты­ғысты бейбіт реттеу үдерісін ілге­рі­летудегі Нұрсұлтан Назар­баевтың күш-жігерінің маңыз­дылығына тоқталды және «норманд төрттігінің» кездесуін Астанада өткізу мүмкіндігін атай отырып, осы маңызды жұмысты жалғастыруды өтінді. Мемлекет басшылары бар­лық тараптың бейбіт үдерісті қам­тамасыз етуге жұмсаған күш-жігері Украинадағы дағдарысты реттеуге септігін тигізеді деп үміттенетіндерін айтты. Сондай-ақ тараптар Қазақстан-Германия ынтымақтастығының дең­гейі жоғары екенін қана­ғат­танушылықпен атап өтті. Телефон арқылы сөйлесуге Германия жағы бастамашылық етті.