14 Ақпан, 2015

Порошенко әкімшілігі: Владимир Путин – өте күшті бітімгер

262 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

14-02-15-putin-1

АСТАНА. 14 ақпан. Ресей президенті Владимир Путин Минскідегі келіссөз барысында өзін өте күшті бітімгер ретінде танытты. Бұл туралы украин президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Валерий Чалыйдың сөзіне сілтеме жасаған РТ тілшісі хабарлады. «Норманд төрттігінің» мүшелері – Путин, Олланд, Меркель және Порошенко кездесуінің қорытындысы Минск келісіміне қол қоюға жеткізді. Осыған байланысты Украина президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Валерий Чалый Ресей мемлекетінің президенті Владимир Путинді «өте күшті бітімгер» деп атады. Бұған нақты айғақ ретінде Владимир Владимировичтің «норманд төрттігінің» келіссөзінде Донбастағы бітім туралы келісімнің пайда болуына орасан зор еңбек сіңіргенін алға тартады. «Владимир Путин бұл құжаттардың әрбір сөзін електен өткізіп отырды. Мұндағы әрбір сөз – соның күреспен жеңіп алған сөздері. Біз қалай десек те, ол – өте күшті бітімші. Өте күшті», - деді Валерий Чалый украинның Politnavigator порталының куәлік етуінше. Еске сала кетейік, Украинаның шығысындағы шиеленісті реттеу жөніндегі келіссөзге Ресей, ГФР, Франция және Украина лидерлері Владимир Путин, Ангела Меркель, Франсуа Олланд және Петр Порошенко қатысты. Ақпанның 11-і күні кешке басталып, 12-сінде түс ауа аяқталған бұл келіссөз 16 сағаттан артық уақытқа созылды. «Норманд төрттігі» кездесуінің тағы бір нақты нәтижесі Донецк және Луганск халық республикалары басшылары мен ЕЫҚҰ өкілдерінің Донбасс территориясында бітім жасасу туралы келісімге қол қоюлары болды. Минск келісімінің басты табыстарының бірі 15 ақпан күні түнде, сағат 00:00-ден бастап екі жақтың атысты тоқтатулары, ауыр техникаларды алып кетулері және демилитизациялық аймақ жасау, сол сияқты «барлық деңгейдегі» тұтқындарды алмасулары мен ұрыс қимылдарына қатысқандарға рақымшылық беру туралы ұйғарымдар болды. Мұрат Айтқожа. Дерек, сурет:russian.rt.