Қоғам • 12 Маусым, 2025

Борышкерлер қарызы 19 млрд теңгеге жетті

5171 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері елімізде алимент төлемегені үшін 126 азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Әділет министрлігі Мәжбүрлеп орындату комитетінің төрағасы Мақсат Балабеков мәлімдеді.

Борышкерлер қарызы 19 млрд теңгеге жетті

Сурет: brak-zakon.kz

Әділет министрлігінің Мәжбүр­­­­леп орындату ко­ми­теті атқарушылық құ­жат­тардың орындалуын қам­тамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және осы саладағы қызметті мемлекеттік рет­теуді жүзеге асырады. Биыл­ғы I тоқсанда сот орындаушылары 5,9 млн құжатты қараған. Оның ішінде толық көлемде орындалғандары – 489 мың. Нәтижесінде, мемлекет кірісіне 10,6 млрд теңге өндірілген.

– Әлеуметтік маңызды санат­­тардың бірі саналатын алимент өндіріп алу бойынша 285 мың құжат тіркелді. Олардың ішінде 278 мыңға жуық құжат мерзімінде өндіріп алынып жатыр. Яғни алимент борышкердің жұмыс орнынан ай сайынғы жалақысынан ұсталады. 2025 жылы алимент бойынша өндіріп алынған берешек сомасы 1,6 млрд теңгеден асады, – деді М.Балабеков.

Спикердің айтуынша, қазір елімізде алимент төлеуден жалтарып жүргендер саны 15 мыңды құрайды. Олардың берешегі шамамен 19 млрд теңгеге жеткен. Осы орайда сот орындаушылары ішкі істер органдарымен бірлесе отырып, борышкерлердің автокөліктерін арнайы айыппұл тұрағына қамау бо­йынша рейдтік іс-шаралар жүргізеді. Әрі қарай берешекті өндіріп алу үшін мүлікті өткізеді.

Қазіргі таңда жеке сот орындау­шылары бо­рыш­кердің табысын қаса­қана жасыруын болдырмау мақсатында олар­дың электрондық ақшала­ры мен жасырын кіріс­терін анықтауға бағытталған жұ­мыстарды қарқынды жүргізіп жатыр. Борышкерлерге қатысты қолданылатын шаралардың ең соңғысы – оларды әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту. Биыл 1 596 борышкер әкімшілік жауапкершілік арқалады. 

Соңғы жаңалықтар

Президент Минск қаласына барды

Президент • 26 Маусым, 2025

БҚО тілшілері тапанша атып жарысты

Аймақтар • 26 Маусым, 2025

Ұрпақ жадына көшкен ерлік

Тарих • 26 Маусым, 2025

Сурет пен дыбыс симфониясы

Мәдениет • 26 Маусым, 2025

Қызылорданың газ әлеуеті артып келеді

Энергетика • 26 Маусым, 2025

Қырғызстанда жер сілкінді

Әлем • 26 Маусым, 2025