Аймақтар • 17 Маусым, 2025

Түркістанда тоқыма комбинаты салынып жатыр

331 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында өнеркәсіп қарқынды дамып келеді. Бұл үрдіске қытайлық инвестициялар ерекше серпін беріп отыр. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістанда тоқыма комбинаты салынып жатыр

Фото: Ашық дереккөз

Министрдің айтуынша, Түркістан өңірінде қытайлық инвестордың қатысуымен мақтаны өңдеуден бастап дайын өнім шығаруға дейінгі толық циклды тоқыма комбинаты салынып жатыр.

«Мен бұл кәсіпорынға алғаш келгенімде, жоба енді басталып жатқан еді. Қазірдің өзінде нәтижесі таңғаларлық»,  деді Серік Жұманғарин.

Сондай-ақ, министр шетелдік инвестициялардың өңірлік экономиканың дамуына тікелей әсер ететінін атап өтті.

«Саудасыз инвестиция болмайды. Алдымен нарықты сауда арқылы зерделейміз, содан кейін ірі жобаларды іске асырамыз», деді ол.

Бұған дейін Серік Жұманғарин Қазақстан Орта дәліз арқылы жүк тасымалдау көлемін 10 млн тоннаға жеткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеген еді.

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, Қытай мен Орталық Азия арасындағы тауар айналымы $95 млрд-қа жеткен.

Соңғы жаңалықтар

Шекарасыз ақпараттық майдан

Басылым • Бүгін, 11:20

Нейрожелі БАҚ-тың бағын байлай ма?

Жасанды интеллект • Бүгін, 10:50

Журфак сабақтастығы

Пікір • Бүгін, 10:40

Жәдігерлер жоқшысы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 10:30