01 Шілде, 2010

ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ

449 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
29 маусым күні ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонмен телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесуші тараптар Қыр­ғыз­станда 27 маусымда өткен референ­дум­ды талқылай отырып, плебис­цит айтарлықтай ереже бұзушы­лық­тарсыз, тыныш жағ­дайда өткені туралы халықаралық бақылау­шы­лар берген бағамен келісті. Екеуара әңгімеде жақын арада сенім мен төзімділік жағдайын қай­та орнату маңыздылығы аталып өтіл­ді. Сол мақсатта Қырғызстан мен Өзбекстанға ЕҚЫҰ-ның Ұлт­тық азшылық жөніндегі Жоғарғы комиссары К.Воллебек сапар жасамақ. Сонымен қатар, Ұйымның сам­митін, 16-17 шілде аралығында Алматыда өтетін ЕҚЫҰ Сыртқы іс­тер министрлерінің бейресми ке­ңесін өткізу мен дайындық шара­лары қарастырылды. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Қа­зақстан Президенті Н.Назар­баев­қа және ЕҚЫҰ-дағы қазақ­стан­дық төрағалыққа Орталық Азия аймағында бейбітшілік пен қауіпсіздік орнатудағы үлесі үшін алғысын білдіріп, қолдайтындығын жеткізді, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.