22 Маусым, 2015

Қызылорда облысының әкімі ішкі істер саласының ардагерлерін қабылдады (фото)

408 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
22.06.2015-Polichia 1АСТАНА. 22 маусым. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев 23 маусым – «Қазақстан полициясы күні» мерекесіне орай ішкі істер саласында сан жылдар бойы қызмет еткен ардагерлерін қабылдап, алдағы мерекелерімен құттықтады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Жиында аймақ басшысы: «Сіздер санаулы ғұмырларыңызды еліміздің тыныштығына, қылмыспен күресуге арнадыңыздар. Облысымыздың өсіп-өркендеуіне, әлеуметтік тұрақтылығына үлкен үлес қостыңыздар. Қазірдің өзінде еңбек демалысында жүргендеріңізге қарамастан, әртүрлі шараларда қолдан келген көмектеріңізді жасап, әсіресе қоғамдық өмірге белсене қатысып, өскелең ұрпаққа өздеріңіздің аталық тәлім-тәрбиелеріңізді беріп келе жатырсыздар. Осы үшін сіздерге үлкен ризашылығымды айтамын», – деп лебізін білдірді. Сонымен қатар, кездесу барысында Қырымбек Көшербаев жас полиция қызметкерлеріне үлгі-өнеге көрсетіп, жас кадрларды тәрбиелеуге ат салысқандары үшін ішкі істер органдарының бір топ ардагерін  Қызылорда облысы әкімінің «Құрмет грамотасымен» және «Алғыс хатымен» марапаттап, сый-құрмет көрсетті. Бүгінде облыста ішкі істер департаментінен құрметті еңбек демалысына шыққан 1436 ардагер бар. Айта кетейік, ардагерлердің атынан ішкі істер органдары ардагерлер кеңесінің төрағасы Мылтықбай Пейісов көрсетілген құрметке ризашылығын білдірді. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. 22.06.2015-Polichia 2 22.06.2015-Polichia 3 22.06.2015-Polichia 4