Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ТМД елдері Парламентаралық Ассамблеясының «Содружество» орденімен марапатталды. Парламентаралық Ассамблеяның құрмет белгісін Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов табыс етті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Парламентаралық Ассамблеяның жоғары марапаты қазақстандық ведомствоның басшысына мемлекетаралық органның қызметіне белсенді қатысуы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің халықтары арасындағы достықтың күшеюіне қосқан үлесі үшін табысталды.
ТМД мемлекеттерінің Парламентаралық Ассамблеясы –өзара мүдделерге қатысты мәселелер бойынша Достастық елдері ұлттық парламенттерінің ортақ ұсыныстарын дайындап,ТМД мүше-мемлекеттерінің парламенттік ынтымақтастығын жүзеге асыратын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мемлекетаралық органы.