22 Маусым, 2015

Солтүстік Қазақстан дәрігерлері 55 арнайы көлікке ие болды (фото)

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
22.06.2015 Pav-5ПЕТРОПАВЛ. 22 маусым. Петропавл. Аймақ басшысы Ерік Сұлтанов ақ халатты жандарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, аудандық ауруханалар мен қалалық емханаларға 55 «Жедел жәрдем» көлігінің кілтін салтанатты түрде табыс етті. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. 22.06.2015 Pav-6Саланың материалдық-техникалық базасын қаржыландыруға былтыр 1 миллиард теңге жұмсалған. 75 жас маман жұмысқа орналасса, олардың 43 елді мекендерде еңбек етіп жүр. Соңғы бес жыл ішінде халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері жақсарып, жалпы өлім-жітім 10 пайызға, бала өлімі 24 пайызға кеміген. 22.06.2015 Pav-7Ерік Хамзаұлы өңірдің медицина қызметкерлеріне табыс тілей келіп, бір топ дәрігер мен мейірбикені Құрмет грамоталармен, Алғыс хаттармен, денсаулық және әлеуметтік даму министрінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан еңбегі үшін» төсбелгілерімен марапаттады. Аудандық ауруханалар мен қалалық емханалар 55 «Жедел жәрдем» көліктеріне иелік етіп, үлкен сыйға ие болды. Салтанатты шара емдеу мекемелері көркемөнерпаздарының «Қазақстанның бірлігі–халыққардың достығында» атты байқауына жалғасты. Оның қорытындысы бойынша әншілер арасында біірінші орынды Уәлиханов орталық ауруханасының онколог дәрігері Қажымұрат Есіркепов, би аталымында облыстық кардиологиялық орталықтың «Алтын жүрек» тобы жеңіп алды. Өмір Есқали. Дерек, сурет: Солтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.