16 Ақпан, 2015

Қазалыда белгілі бапкерді еске алуға арналған турнир өтті

575 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
20150130_180419АСТАНА. 16 ақпан. Қызылорда облысы Қазалы ауданында республикаға белгілі футбол бапкері Серік Кеулімжайұлы Сансызбаев еске алуға арналған аудандық турнир өткізілді. Оған Ақтөбе, Сырдария, Жалағаш, Қармақшы, Байқоңыр және Арал аудандарынан және жергілікті жердің командалары, барлығы 12 команда қатысты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі Турнирді «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары Қасқырбек Мәмбетжан ашып берді. Серік Кеулімжайұлының аудандық спорт, оның ішінде футболдың дамуына үлкен үлес қосқандығы туралы естеліктер айтты. Екі күнге созылған жарысқа Әйтеке би кентінің әкімі Самат Аманов жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен, жарыс қорытындысы бойынша III орынды Шәкірттер командасы, II орынды Тұлпар /Байқоңыр қаласынан/ командасы, I орынды Қазалы ауданы құрама командасы иеленді. Турнирдің жеңімпаз және жүлдегер командалары аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің мақтау қағаздары мен кубоктар және Сансызбаевтар әулетінің бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Бұл шараға облыстық мәслихат депутаты Ибадулла Тілеп және Ордабасы командасының шабуылшысы Дәуренбек Тәжімбетов қаржылай демеушілік жасады. Жолдыбай Базар. Дерек, сурет: egemen.kz. 20150130_153557 20150130_153925