ҚОСТАНАЙ. 22 маусым. Қалада облыстық ҚХА-ның сессиясы өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Халқымызда «бір күн ұрыс болған үйден қырық күн несібе көтеріледі» деген сөз бар. Сыйластығы, ынтымағы жоқ, берекесіз отбасының өмір шындығынан алынған бұл тәмсілдің растығын айналамыздағы елдердің өмірінен де көріп отырмыз. Бір ауа жұтып, бір жердің суын ішіп отырған халықтар бір-біріне мылтық кезенген елдердің берекесіздігінен баланың қарны аш, ананың көзі жылаудан кеппейді. Ондай елдердің дамуы құмдай судырап, кейін кететіні бүгінгі күннің шындығына айналған. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сардар саясаты арқасында Қазақстанды жайлаған ұлт пен ұлыстар сыйласып, тату-тәтті өмір сүруде. Бірліктің, татулықтың Қазақстандық үлгісі жасалды.
Жақында Қазақстан халқы Қостанай облыстық ассамблеясының ХХШ сессиясына қатысқан Парламент Мәжілісінің депутаты Зухра Саяпова Қазақстанның дамуына тірек болар, серпін берер басты күш – халқының бірлігі, достығы, берекесі екенін айтты.
«Қазақстанда 100-ден аса ұлттар өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр, олар Қазақстанды өзінің отаны деп санайды. Бұл тұрғыда кең қолтық, мейірімді, кеңпейіл қазақ халқының үлесін, тиісті орнын айтуға тиіспіз. Қазақстанды мекен еткен барлық ұлт пен ұлыстардың жұдырықтай жұмылған бірлігі салтанат құрғанда ғана еліміз мемлекет ретінде де, қоғам ретінде де нығая, күшейе түседі», деді депутат.
Тарих Қазақстандағы осынша ұлттар өкілдерін бір кеменің үстіне мінгізіп, тағдырлас етті. Енді достықтың шынысы сынбауы үшін оны аялап, бағасын білуіміз керек. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаты, оның Қазақстан халқына арнаған Жолдаулары да осыған бағыттайды. Қазақстан халқы ассамблеясының ХХІ сессиясының шешімдеріне сәйкес ассамблеяларды дамытудың Тұжырымдамасын жүзеге асыру үшін облыстағы 18 облыстық және қалалық, аудандық 60 этномәдени орталықтар тынбай жұмыс істейді. Сессияда баяндама жасаған облыс әкімінің орынбасары Мұрат Дәрібаев өңірдегі берекелі жұмыстар мен жұртқа достықтың, бірліктің маңызын жеткізе түсетін шаралардың бірсыпырасын атап өтті. Бұл орайда облыстық ассамблея жанындағы ғылыми-сараптау тобының мүшелері, этномәдени орталықтар жетекшілері облыс қалалары мен аудандарында лекциялар оқиды. Облыстық мәслихат депутаттарынан депутаттық топ құрылып, қоғамдық және ұлтаралық келісім мәселелері бойынша жұмыс істейді. Облыстық ішкі саясат басқармасы мен Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы бірігіп, «зиялылар қонақжайын» құрды. Есепті мерзімде онда Парламент Мәжілісі депутаттарының, облыстық ассамблея мүшелерінің, ғылыми және шығармашылық, саяси партиялар, этномәдени орталықтары өкілдерінің қатысуымен оншақты шаралар өткізілді. М.Дулатов атындағы инженерлік және экономика, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеттерінде соңғы бір-екі жылда Қазақстан халқы ассамблеясы кафедралары ашылып, ол пікір алмасу алаңына айналды.
Қазақстан халқы облыстық ассамблеясында бастау алған жұмыстардың барлығы тек «өтсе болды» деген шаралар емес. Қазір «Қол жетімді» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, психология ғылымдарының кандидаты Лилия Саркисян жүргізіп келе жатқан «Қазақстан отбасыларының және отбасылық құндылықтардың берік болуына бағытталған шаралар» жобасы облыста кең қолдау тапты. Осы жоба шеңберінде отбасылық өмірге дайындау үшін мектептердегі 10-11 сыныптарға және колледждерде, жоғары оқу орындарында психологиядан факультативтік курстар енгізілді.
«ҚХА - 20 игілікті іс» республикалық эстафета аясында Қостанай облысында таңдай қақтырар істер жүзеге асты. Осы эстафета шеңберінде облыстағы ардагерлерге, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, әлеуметтік аз қорғалған отбасыларына 29 миллион 200 мың теңге көмек көрсетілді. Қазақ халқының асарындай, жақсы іске этномәдени орталықтарының барлығы да атсалысты. Мысалы, 8 баланы асырап алып, өсіріп отырған Төлегеновтер отбасына салынып жатқан үй осы этномәдени орталықтар жинаған қаржыға бітіп қалды. Бірліктің берекесі осындай-ақ болар.
Сессияда сөз алғандар тарапынан жұртты жақсылыққа ұйыта түсер ұсыныстар да болды. «Еңбек қоғамын қалыптастыру, еңбекті насихаттау үшін жыл аяғында, егін жинау науқаны қорытындысы бойынша «Қостанай облысының үздік өндірісшісі», «Қостанай облысының үздік диқаны», «Қостанай облысының үздік механизаторы» секілді қолы күстенген, маңдайын күн қақтап, жел қаққан еңбек адамын марапаттайтын төс белгілер шығарылса, оларды ыл бойы мерзімді басылымдарда насихатталсын», «Биылғы 1 қыркүйекте мектептерде алғашқы сабақ Елбасының «100 қадам» ұлт жоспарынан басталсын», «Келесі жылы Ы.Алтынсариннің туғанына 165 толуына орай, ұлы ұстаздың игілікті істері бойынша туристік маршрут жасалсын», «Келесі жылы облыстың құрылғанына 80 жыл толуына орай маршрут жолдарын кеңейте түсейік», «Балалар шығармаларын қарайтын көркемдік кеңес құрылсын, сол арқылы облыстағы қаламгерлерді осы игілікті іске тартайық» деген секілді ойлар айтылды.
Сессия жұмысын қорытындылаған облыс әкімі, Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының төрағасы Нұралы Сәдуақасов халық бірлігі елдегі барлық даму сатысына қолдау жасар күш екенін айты. Сондықтан бірлікті нығайтуға ұмтылдыратын мұндай ұсыныстың қайсысы да қолдауға лайық деді.
Сессия соңында қоғамдық келісім мен қазақстандық патриотизмді күшейтуге үлес қосқан қостанайлықтарға Қазақстан халқы ассасблеясының «Бірлік» алтын медалін, «Қазақстан халқы ассамблеясына 20 жыл» юбилейлік медалі және Қазақстан халқы ассамблеясының Құрмет грамотасы мен Қазақстан халқы ассамблеясының Алғыс хаты табыс етілді.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек, сурет: egemen.kz

Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48
Түркияда мектепке шабуыл жасамақ болған топ ұсталды
Әлем • Бүгін, 12:32
Соңғы үш айда құқықбұзушылық саны 15,1 пайызға азайды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:10
Ұлттық кітап күніне орай өңірлерде қандай іс-шаралар өтеді?
Қоғам • Бүгін, 11:58
Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 11:38
SMS-бластер мен дипфейк: Бас прокуратура 18 жаңа киберқауіпті анықтады
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:22
2050 жылға қарай елімізде кемінде үш АЭС салынады
Энергетика • Бүгін, 11:00
АҚШ Ресей мұнайына қатысты санкциялық жеңілдіктерді 16 мамырға дейін ұзартты
Әлем • Бүгін, 10:41
Үсік жүріп, дауыл тұрады: 18 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 10:21
Елена Рыбакина Штутгарт турнирінің жартылай финалына жолдама алды
Теннис • Бүгін, 10:09
Астанада өрттен зардап шеккен әйелдің жағдайы белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 09:45
«Атырау» футбол клубының жаңа иесі анықталды
Футбол • Бүгін, 09:24
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:07
Лионель Месси Испаниядағы футбол клубын сатып алды
Футбол • Кеше