Таяуда денсаулық сақтауды дамытудың республикалық орталығы саладағы өткен жылдың қорытындыларына мониторингтік зерттеулер жүргізіп, әр облыстағы істің жай-күйіне рейтингтік бағалар берді. Мұнда Орал өңірі ең соңғы 16-шы орыннан бір-ақ шығыпты.
«Егемен Қазақстан» газетінің Батыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі Темір Құсайын
Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Хамидолла ИРМЕНОВКЕ:
– Сіз бұған не дейсіз?
– Бірден айтарым, жоғарыдағы рейтингтік баға шындыққа сәйкес келмейді. Бұл жөнінде біз аталған орталыққа арнайы хат жолдадық. Қазір оның жауабын күтіп отырмыз. Нақты дәлелмен және дәйекпен айтылмаса қандай жақсы іске де көлеңке түспей қоймайды. Әрине ақталғанымыз емес, нақты деректерге сүйенсек, облыстағы денсаулық сақтау ісінің өткен 2014 жылғы басты нәтижелері төмендегідей.
Өңірде Денсаулық сақтау министрі алға қойған барлық міндеттер мен іс-шаралар кешені ойдағыдай орындалды. Осы аралықта 69,5 деп күтілген тұрғындардың орташа ғұмыр жасы 70,2-ні көрсетіп тұр. Сондай-ақ, әр 1000 адамға шаққандағы жалпы өлім-жітім деңгейі мен сәбилердің шетінеуінің төмендеу мөлшері күтілген көрсеткіштен асып түсті. Сонымен бірге, әрбір 100 мың тұрғынға есептегендегі онкологиялық аурулардан болатын өлім де алдын ала болжаған деңгейден әлдеқайда аз болды.
Осындай түйінді туберкулезден болатын қайтыс болу көріністеріне де қатысты айта аламыз. Ұлттық экономика министрлігі Статистика жөніндегі комитетінің деректеріне сүйенсек, билығы 2015 жылдың 1 қаңтарында алдыңғы 2013 жылмен салыстырғанда Батыс Қазақстан облысында тұрғындардың өмірден өту көрсеткіштері әжептәуір төмендеген. Және 1000 адамға шаққанда осы аралықта сәбилердің өмірге келу коэффициенті біршама көтерілген.
Ең соңғы орын емес, керісінше облыстағы көрсеткіштер жоғарыда айтылғандай көптеген индикаторлар бойынша алдыңғы орынға лайықты екенін көрсетеді. Бұған қосарым, оралдық отоларингологтер мен кардиохирургтер және травматологтер бұдан басқа да көптеген мамандар республика бойынша ең үздік деп танылып отыр. Бұл ой-пікірімізге Орал өңіріне оларды арнайы іздеп өзге облыстардан және таяу шетелдерден жанына шипа іздегендердің толассыз келіп жатқаны айқын айғақ. Біз медициналық қызмет көрсетудің ең жоғарғы деңгейіне қол жеткізу үшін күн сайын жан-жақты жұмыстар жүргізіп келеміз. Соның лайықты түрде бағаланғанын қалаймыз.
Батыс Қазақстан облысы.

Қызылорда облысында ауылды су басу қаупі сейілді
Су тасқыны • Бүгін, 13:48
Үсік жүріп, қар жаууы мүмкін: Қазақстанда күн суытады
Ауа райы • Бүгін, 13:30
Мұхтар Шахановтың есімін Алматы көшелерінің біріне беру ұсынылды
Тұлға • Бүгін, 13:14
Халқымен қайта қауышқан қайраткер
Тұлға • Бүгін, 12:59
Атырау облысындағы отбасының өлімі: Күдікті туыстарын бірнеше ай бойы кезекпен өлтірген
Қылмыс • Бүгін, 12:58
Мирас • Бүгін, 12:55
Шымбұлақ пен Ой-Қарағай курорттары аспалы жол арқылы біріктіріледі
Үкімет • Бүгін, 12:39
Қазақстан квотасымен шетелдіктерді қажылыққа апарғандар жауапқа тартылады
Қоғам • Бүгін, 12:35
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайыз деңгейінде сақтап қалды
Бюджет • Бүгін, 12:30
«Тобыл» клубының бас бапкері ауысты
Футбол • Бүгін, 12:18
Қазақстанда 19 шілдеден бастап бірыңғай QR-төлем жүйесі енгізіледі
Бюджет • Бүгін, 12:08
Астана – Шымкент бағытында ұшақтар күніне 4 рет ұшатын болады
Қазақстан • Бүгін, 11:47
Енді борышкерлердің банк шоттары толық бұғатталмайды
Банк • Бүгін, 11:38
Израиль мен Ливан арасындағы бітім үш аптаға ұзартылды
Әлем • Бүгін, 11:35
«Барселонамен» келісімшартқа отырған қазақ баласы Ұлттық құрамаға шақырту алды
Спорт • Бүгін, 11:20