Астанада Ақпарат және байланыс қызметкерлерінің күні мерекесіне орай «Қазконтент» акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен БАҚ өкілдерінің арасында асық атудан жарыс өтті.
Оған «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» республикалық газеттері, «Орталық коммуникациялар қызметі» РМ, «Қазақстан» ұлттық телеарнасы, Бас редакторлар клубы, «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі, «Астана» телеарнасы мен «Қазконтент» акционерлік қоғамы командасы қатысты.
Жарыста ерлер «бес табан» ойнаса, қыздар «бес асық» (бес тас) ойыны бойынша сынға түсті. Жалпы, жарыс өте тартысты, қызықты өтті. Ерлер өзара олимпиялық жүйе бойынша мергендіктерін сынаса, қыздар «бес асықтың» шеберін анықтады.
Сөйтіп, екі сағатқа созылған сайыста асық атудан бірінші орынды «Астана» телеарнасы жеңіп алды. Олар финалда «Орталық коммуникациялар қызметі» командасынан басым түсті. Үшінші орынға құрамында осы жолдардың авторы мен Алмас Манапов, Өркен Мұсабек және Ақмарал Кашкова бар «Егемен Қазақстан» командасы ие болды. Қазақ баспасөзінің қара шаңырағы аталып кеткен аға газеттің командасы қола жүлде үшін ойында «Қазақстан» арнасы жігіттерімен кездесіп, жеңіске жетті.
Қыздар арасында өткен «Бес асық» ойынында «ҚазАқпарат» агенттігінің журналисі Сая Жарылқасын бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды «Қазконтент» АҚ-тың, үшінші орынды «Қазақстан» телеарнасының өкілдері иеленді.
«Асық ату» турниріне «Ерке-Нұр» тобы өнер көрсетіп, жұртшылыққа биден шашу шашты. Қазақстан Дизайнерлер одағының мүшесі Айдархан Қалиевтің «ASPARA» сауда белгісі үшін «Ұлы Даланың Қауырсындары» атты жаңа киім үлгілері таныстырылды. Ол «нео-фольклор» стилі, көшпенділердің киім тігу өнері мен дәстүрі және «Жаз – 2015» маусымының сән үлгісі тенденцияларының негізінде жасалды. Оны «Қазконтент» АҚ-тың түрлi жобаларында қызмет ететiн қыз-келiншектер киiп шығып, сән үлгiсiн көрсеттi.
Жарыс соңында кубок иегері мен жүлдегерлер сыйлықтармен марапатталды.
«Асық ату» республикалық федерациясының президенті, «Қазконтент» АҚ Басқарма төрағасы Айдос Қыдырманың айтуынша, астанада алғаш рет асық атудан жарысты өткізудегі басты мақсат – жас буын арасында ұлттық ойынымызды насихаттау, ұлттық спортты дамыту және халықты саламатты өмір салтына шақыру.
Қазіргі кезде елімізде асық ойынынан 73 секция бар. «Асық ату» федерациясының атқарушы директоры, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, «Құрмет» орденінің иегері Жомарт Сабыржановтың айтуынша, алдағы уақытта 8 облыстан орталықтар ашылады. «Жақында федерация Қостанайда асық атудан Қазақстан чемпионатын өткізеді. Содан кейін Астана күніне орай халықаралық жарыс ұйымдастырылады. Оған Моңғолия, Қырғызстан, Тәжікстан командалары қатысады. Бұл елдерде асық ату жақсы дамыған. Моңғолия мен Орталық Азия елдерінде спорт шебері, спорт шеберлігіне үміткер деген сияқты дәрежелік атақтар, сертификаттар беріледі. Мұндай тәжірибе біздің елге де керек. Алдағы кезде мергендердің дәрежесін арттыру үшін спорттық атақ беру жоспарымызда бар», – дейді ол.
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан».

Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Бүгін, 12:48
Түркияда мектепке шабуыл жасамақ болған топ ұсталды
Әлем • Бүгін, 12:32
Соңғы үш айда құқықбұзушылық саны 15,1 пайызға азайды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:10
Ұлттық кітап күніне орай өңірлерде қандай іс-шаралар өтеді?
Қоғам • Бүгін, 11:58
Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 11:38
SMS-бластер мен дипфейк: Бас прокуратура 18 жаңа киберқауіпті анықтады
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:22
2050 жылға қарай елімізде кемінде үш АЭС салынады
Энергетика • Бүгін, 11:00
АҚШ Ресей мұнайына қатысты санкциялық жеңілдіктерді 16 мамырға дейін ұзартты
Әлем • Бүгін, 10:41
Үсік жүріп, дауыл тұрады: 18 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 10:21
Елена Рыбакина Штутгарт турнирінің жартылай финалына жолдама алды
Теннис • Бүгін, 10:09
Астанада өрттен зардап шеккен әйелдің жағдайы белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 09:45
«Атырау» футбол клубының жаңа иесі анықталды
Футбол • Бүгін, 09:24
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:07
Лионель Месси Испаниядағы футбол клубын сатып алды
Футбол • Кеше