07 Мамыр, 2015

Қостанайда жазасын өтеушілер бөтелкеден танк жасады (фото)

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
07.04.2015 QostanayҚОСТАНАЙ. 6 мамыр. Қостанайдағы Қылмыстық-түзету жүйесі департаментінің еңбекпен түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілер Жеңістің 70 жылдығына арналған көрме ұйымдастырды. Онда пластикалық шөлмектен танк және басқа да бұйымдар қойды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. 07.04.2015 Qostanay-1Қылмыстық-түзету жүйесі департаментінде бұрын қызмет атқарған соғыс және еңбек ардагерлерін Жеңістің 70 жылдық мерекесіне орай құрмет көрсетілді. Олар Қылмыстық-түзету жүйесінің қызметтік міндеттерін атқару үстінде қаза болған қызметкерлерін бір минут үнсіздікпен еске алып, оларға арналған мемориалға гүл шоқтарын қойды, қарудан  екі дүркін оқ  атылды. 07.04.2015 Qostanay-2Қылмыстық-түзету жүйесінің  байырғы қызметкерлеріне мерекелік медаль мен сыйлықтар табыс етілді. Департамент ауласында дала асханасы ұйымдастырылып, мерекеге қатысушылар солдат ботқасынан дәм татты. Сондай-ақ қылмыстық-түзеу жүйесі департаменті еңбекпен түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқандар Ұлы Отан соғысындағы ұрыс даласының макетін жасады, өздері жасаған соғыс қаруларының түрлерін көрсетті. Тіпті пластик шөлмектен танкті жасап шығарды. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: ng.kz