02 Шілде, 2010

КЕҢЕСШІМЕН КЕЗДЕСУ

563 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төр­ағасы Қуаныш Сұлтановтың Осло­да­ғы Бейбітшілік және адам құқығы ор­талығы президентінің кеңесшісі Альф Хан­сен Огемен кездесуінде Қазақстан мен осы ұйымның ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелері талқы­ланды. Кездесу барысында Қ.Сұлтанов Ор­талық жұмысының халықаралық дең­гей­дегі толеранттылық қағидаларын одан әрі ілгерілету және сенім мен ын­ты­мақ­тастық тұрғысындағы үнқатысуды ны­ғайту жайындағы ойларын ортаға салды. А.Х.Оге толеранттылық пен дінара­лық үнқатысуды дамытудағы Қазақ­стан­ның қомақты үлесін атап өте келіп, адам құқын нығайту, қорғау және қол­дау жөніндегі бірлескен жұмыстарды жал­ғастыруға Орталықтың әзірлігін жет­кізді, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.