Қоғам • 20 Шілде, 2025

Алматыда пойыздың төбесіне шыққан жасөспірімді тоқ соқты

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы-2 станциясында жасөспірім пойыздың төбесіне өз бетімен шығып, тоқ соғып жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда пойыздың төбесіне шыққан жасөспірімді тоқ соқты

2025 жылғы 19 шілдеде сағат 18:55-те Алматы-2 станциясында кезекші қызметкер оқыс оқиғаны тіркеген.

– Кәмелетке толмаған (15 жастағы ұл бала) вагонның төбесіне өз еркімен шыққан. Салдарынан электр тоғы соғып, күйік алған. Оқиға орнына жедел түрде жедел жәрдем қызметі жетті. Жасөспірім тірі, оған медициналық көмек көрсетілді, – деп хабарлады ҚТЖ өкілдері.

Оқиғаға байланысты қызметтік тексеріс басталды.

Қазақстан темір жолы компаниясы қазақстандықтарға темір жол – жоғары қауіпті аймақ екенін еске салды. Жолдарға заңсыз кіру және жылжымалы құрам маңындағы кез келген әрекет адам өмірі мен денсаулығына ауыр салдар әкелуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35