30 маусымда Қазақстан Республикасының Үндістандағы елшісі Дулат Қуанышев осы ел Президентінің сарайында Президент Пратибхе Патил ханымға сенім грамотасын тапсырды, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.
Ресми салтанат барысында Индия Президенті П.Патил 2009 жылы Индия Республикасының күніне басты құрметті қонақ болып келген Президент Н.Назарбаевтың мемлекеттік сапарында негізі қаланған екі елдің стратегиялық ынтымақтастығының дамуы мен нығаюына мүдделі екендігін атап өтті. Сонымен қатар, П.Патил ШЫҰ және АӨСШК секілді халықаралық ұйымдар шеңберіндегі әріптестіктің арта түскеніне де ризашылығын білдірді.
Өз кезегінде Д.Қуанышев Индия Президентін Қазақстанның саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларындағы, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-дағы төрағасы ретінде жасап жатқан шараларынан хабардар етті.
Экономикалық ынтымақтастық тақырыбын қозғай отырып, Индия Президенті Қазақстан дипмиссиясы басшысының өзара инвестицияларды тартудың қарқынын белсенді ете түсу қажет деген пікірімен келісті.
Сондай-ақ, әңгіме барысында П.Патил Астана күнінің тойлануына байланысты қызығушылық танытты.