ПЕТРОПАВЛ. 17 ақпан. Петропавлдағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, күлі көкке ұша жаздады. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.
Жаралыстың қатты болғаны соншалық, үйдің шатыры опырылып, көрші баспаналардың қабырғалары жарылып кеткен. Әйтеуір, адамдар дін аман.
Бастапқыда тұрғындар не болғанын түсінбей дал болған. Зәрелері ұшып, қолдарына құжаттарын алып, сыртқа қарай жүгірген.
– Ауыр соққыдан үйдің төбесі ортасына түскен шығар деп ойладық. Әйнектерінің быт-шыты шықты. Әлі есімізді жия алмай тұрмыз. Дереу төтенше жағдай қызметіне хабар бердік, дейді көрші-қолаң.
Газ баллоны жарылған екі бөлмелі пәтерде жалғыз ер адам тұрып келіпті. Аздап күйік алған ол ауруханаға жатудан бас тартыпты. Пәтер күрделі жөндеуді қажет етеді. Ал көрші баспананың қабырғасын тіреуіштер ұстап тұр.
Өмір Есқали.
Дерек: Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі.
Сурет: thenews.kz.

Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына қатысқан бір топ азаматты марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Экология мәселесін ешқандай ел жалғыз шеше алмайды: Президент жастарға тарихи миссия жүктеді
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы қоғамдық мәні зор құндылыққа айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00
Қазақстанда 46 жаңа экоаумақ пайда болады
Президент • Бүгін, 13:22
Орал базарларында картоп бағасы бірден 85 теңгеге арзандады
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Қасым-Жомарт Тоқаев «Самал» саябағында ағаш отырғызды
Президент • Бүгін, 12:40
Астанада 10 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 12:27
Иран Ормұз бұғазында екі кемені тәркіледі
Әлем • Бүгін, 12:18
Астанада 1 мамырдан бастап Есіл бойымен кемелер қатынай бастайды
Елорда • Бүгін, 11:47
Дем алу қиындайды: Бүгін ел тұрғындарына далада серуендеу уақытын шектеу ұсынылады
Ауа райы • Бүгін, 11:25
Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алушылар жауапқа тартылуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 11:09
Атырауда мектеп оқушысын автобус қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:53